Accessibility links

Қырғыз парламенті "Құмтөр" келісімін бекітпеді


Centerra Gold компаниясының президенті Ян Аткинсон Азаттықтың Бішкектегі бюросында, 22 қазан 2013 жыл.
Centerra Gold компаниясының президенті Ян Аткинсон Азаттықтың Бішкектегі бюросында, 22 қазан 2013 жыл.
Қырғызстан парламенті үкіметтің "Құмтөр" алтын кенішін игеріп жатқан канадалық Centerra Gold компаниясымен жаңа келісім-шарт жасасу туралы жобасын қабылдамай тастады.

Жобада канадалық компанияға 50 пайыз, Қырғызстан үкіметіне 50 пайыз акция пакеті тиетін бірлескен кәсіпорын құру ұсынылған. Бұған дейінгі, 2009 жылы жасалған келісім бойынша Қырғызстанның иелігінде "Құмтөр" кеніші акциясының тек 33 пайыздайы ғана бар.

Қырғыз депутаттары "үкімет 23 желтоқсанға дейін Centerra Gold компаниясымен Қырғызстанға кеніш акциясының үштен екісі тиетіндей жаңа келісім жасасуы тиіс" деген тұжырым жасады.

Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұхбатында Centerra Gold басшысы Ян Аткинсон компания 50 пайыздан кем үлес тиетін келісім жасаспайтынын айтқан.

Қырғыз парламентінде келісімнің жаңа жобасы қаралып жатқан кезде кеніш орналасқан Ыстықкөл облысының тұрғындары кенішті мемлекет меншігіне алуды талап етіп, тағы да наразылық танытты.
XS
SM
MD
LG