Accessibility links

Greenpeace мүшелерінен "қарақшылық" айыбы алынды


Владимир Маркин - Ресей тергеу комитетінің баспасөз хатшысы.

Владимир Маркин - Ресей тергеу комитетінің баспасөз хатшысы.

Ресей билігі Арктикада мұнай өндіруге наразылық танытқан Greenpeace халықаралық экологиялық ұйымының мүшелеріне тағылған "қарақшылық жасады" деген айыпты алып тастады.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, тергеу комитетінің баспасөз хатшысы Владимир Маркин ұйым белсенділеріне енді тек "бұзақылық жасады" деген айып тағылғанын мәлімдеген.

Greenpeace-тің Ресейдегі филиалының жетекшісі Иван Блоков "ұйым мүшелеріне тағылған барлық айып алынып тасталуы тиіс" дейді.

Ұйымның 18 мемлекеттен шыққан 28 белсендісі мен екі журналист Ресейде 18 қыркүйектен бері қамауда отыр. Нидерландының Arctic Sunrise кемесімен Арктикадағы "Газпромның" мұнай платформасына бара жатқанда оларды Ресейдің жағалау күзеті тұтқындаған еді. Экология белсенділері ресейлік "Газпром" компаниясының Арктикадан мұнай өндіруіне наразылық танытқан.

Бұған дейін Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресей билігін Greenpeace белсенділерін дереу босатуға шақырған.
XS
SM
MD
LG