Accessibility links

Иран депутаты: Уран байытуды тоқтаттық


Тегераннан 190 километр жердегі Арак ядролық реакторы, Иран.
Тегераннан 190 километр жердегі Арак ядролық реакторы, Иран.
Иран парламентінің депутаты Хоссейн Накави Хоссейни "Тегеран уранды 20 пайызға дейін байытуды тоқтатқанын" хабарлады.

Иран парламентінің веб-сайтында жарияланған хабарламада парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитеті басшысының орынбасары Хоссейн Накави Хоссейни Иран Тегерандағы эксперименталды ядролық реакторға қажетті байытылған уран өндіріп алғанын айтып, "енді қосымша байытылған уранға қажеттілік жоғын" білдірген.

Тегераны тәжірибе ядролық медициналық изотоптар өндіруге арналғанын айтады. Бірақ АҚШ пен өзге де Батыс елдері "Иранның уран байыту бағдарламасы ядролық қару жасауды көздейді" деп санайды.

Хоссейни бұған қоса "Иран барлық 20 пайызға байытылған уранын атом АЭС реакторына қажетті материалға айналдыруға дайын" екенін айтқан.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Тегеран ядролық бағдарламасына қатысты соңғы рет Женевада өткен халықаралық келіссөздерде уранды 20 пайызға байытуды тоқтатуды ұсынған.
XS
SM
MD
LG