Accessibility links

ҰҚК: Шетелде қақтығыстарда 100-ге таяу қазақстандық жүр


Сирияға жиһадқа барған қазақтар екенін мәлімдеп отырған адамдар. (YouTube видеосынан скриншот)

Сирияға жиһадқа барған қазақтар екенін мәлімдеп отырған адамдар. (YouTube видеосынан скриншот)

Шет мемлекеттердегі қақтығыс жүріп жатқан аймақтарда 100-ге тарта қазақстандық жүр деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Tengrinews агенттігіне берген жауабында.

Бұған дейін YouTube-те 150 қазақстандықтың Сирияға жиһадқа барғаны туралы видео пайда болған еді. Арабша субтитрлер жазылған, қазақ және орыс тіліндегі шағын сұхбаттардан тұратын видеодағы адамдар өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін хижра қылғандар (қоныс аударғандар - ред.)» деп сипаттайды.

ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков бұған дейін Сирияға жиһадқа барған 150 қазақстандық туралы видеоны "әлдекімдердің үгіті" деп атаған. "Ол жақта әр өңірлерден кеткен қазақстандықтар бар" екенін айтқан Білісбеков видео жазбаны "үгіттеу мақсатында жасалған, әрі оны біздің азаматтар жасамаған" деп сипаттаған. Ол "ҰҚК азаматтарды ол жақтан қайтаруға, шетелге мұндай мақсатпен кетушілерді бөгеуге әрекет етіп жатқанын" айтқан.
XS
SM
MD
LG