Accessibility links

Ауған саперлары


Мазари-Шарифтегі саперлар дайындайтын мектепте ауған сарбаздары қолдан жасалған жарылғыш заттарды залалсыздандыруды үйреніп жатыр. 2014 жылдың соңында Ауғанстаннан кететін НАТО әскері бұл мектепті ауған қарулы күштерінің иелігіне береді. БҰҰ деректері бойынша, былтыр Ауғанстанда бомба жарылыстары құрбандарының саны 53 пайызға көбейген, көпшілігі – балалар. 2013 жылдың алғашқы жартысында бомба жарылысынан 1300-ден аса адам қаза тауып, 2500 адам жараланған. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға көп.

XS
SM
MD
LG