Accessibility links

АҚШ-та Ресей мәдени бағдарламасын тексеріп жатыр


Ресей және АҚШ туларының суреттерін жапсырып жатқан адам. (Көрнекі сурет)

Ресей және АҚШ туларының суреттерін жапсырып жатқан адам. (Көрнекі сурет)

"Федералдық тергеу бюросы (ФБР) Ресейдің "Ресей ынтымақтастығы" мәдени бағдарламасын "АҚШ азаматтарын барлау жұмысына тартпақ болды" деген күдікпен тексеріп жатыр" деп хабарлады америкалық Mother Jones журналы.

Басылымның жазуынша, ФБР АҚШ-тағы "Ресей ынтымақтастығы" мәдени бағдарламасына қатысқан америкалықтарды тергеп жатыр. Бағдарламаны Вашингтондағы Ресей мәдени орталығының директоры Юрий Зайцев басқарады. Дипломатиялық иммунитеті бар Зайцев басылымға тергеуге қатысты түсінік беруден бас тартқан.

2001 жылдан бері "Ресей ынтымақтастығы" бағдарламасы бойынша 130-ға жуық америкалық Ресейге тегін сапар жасаған. Бағдарламамен Ресейге барғандар онда биліктегі "Единая Россия" партиясының жоғары шенді өкілдерімен, Мәскеу және Санкт-Петербург қаласының басшыларымен кездескен.

Mother Jones журналына сұхбат берген үш америкалық Ресейге сапарында "күдікті ешнәрсе болмағанын" және "сапарға дейін және одан соң Юрий Зайцевпен ешқандай байланыстары жоғын" айтқан. Америкалықтар тергеушілер өздеріне Зайцевтің қызметіне қатысты сұрақтар қойғанын айтады.

ФБР бұл ақпаратқа қатысты түсінік беруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG