Accessibility links

Германия АҚШ елшісін шақыртты


Ангела Меркель - Германия канцлері.

Ангела Меркель - Германия канцлері.

Германия "Вашингтон канцлер Ангела Меркельдің телефондағы әңгімелерін тыңдады" деген мәліметке наразылық білдіріп, АҚШ-тың осы елдегі елшісін жауап беруге шақыртты.

Германия үкіметінің аты-жөнін атамаған өкілінің айтуынша, бүгін Германия сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле АҚШ елшісі Джон Эмерсонмен кездеспек. Елшіні шақыртып алу - екі ел қарым-қатынасында бұған дейін болмаған жағдай.

Кеше Ангела Меркель АҚШ президенті Барак Обамаға хабарласып, өз телефонын АҚШ арнайы қызметінің жасырын тыңдағаны мүмкін екенін айтқан.

Германия үкіметінің өкілі Штеффен Зайберттің айтуынша, Меркель Обамаға "АҚШ-тың тыңшылық жасағаны дәлелденсе, ол өзара сенімді қатты бұзады" деп ескерткен.

Ақ үйдің айтуынша, Барак Обама Ангела Меркельге АҚШ барлау қызметі оның телефон байланыстарына тыңшылық жасамағанына сендірген.

Әлемде көптеген азаматтардың телефондағы және интернеттегі байланыстарына АҚШ үкіметінің бақылау жасайтыны туралы деректерді осы елдің ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден жариялаған.
XS
SM
MD
LG