Accessibility links

Сот "Правда Казахстана" шағымын қанағаттандырмады


Шәріп Құрақбаев - "Правда Казахстана" газетінің редакторы. Алматы, 26 қыркүйек 2013 жыл.

Шәріп Құрақбаев - "Правда Казахстана" газетінің редакторы. Алматы, 26 қыркүйек 2013 жыл.

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы "Правда Казахстана" газеті редакциясының басылымды 3 ай мерзімге жабу туралы әкімшілік соттың шығарған шешіміне қарсы шағымын қанағаттандырмау туралы қаулы қабылдаған. Бұл туралы "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы хабарлады.

26 қыркүйекте Алматының әкімшілік соты "газет шығарылым деректерiн жариялау тәртiбiн бұзды" деп, басылым қызметін үш айға тоқтатқан. Сот бұған қоса газет редакторы Шәріп Құрақбайға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде (1 АЕК - 1731 теңге) айыппұл салған.

Бұған дейін де, 21 ақпанда әкімшілік сот "жарияланым мерзімін бұзды" деген айыппен осы газеттің жарыққа шығуын үш айға тоқтатып, басылым иесіне - оппозициялық Қазақстан коммунистік партиясына 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салған.
XS
SM
MD
LG