Accessibility links

Кличко Украина президенті сайлауына қатыспақ


Виталий Кличко, демократиялық "Удар" альянсының жетекшісі.

Виталий Кличко, демократиялық "Удар" альянсының жетекшісі.

Бокстан әлем чемпионы және Украинаның демократиялық "Удар" альянсының жетекшісі Виталий Кличко президент сайлауына түсетінін тағы мәлімдеді.

Ол 2015 жылы наурызда өтетін сайлауда қазіргі президент Виктор Януковичке бәсекелес болатынын парламент отырысында айтқан.

Спортшы әрі саясаткер Кличконың мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын ғана Жоғарғы Рада депутаттары Украинаның салық туралы заңдарына "шетелде тұруға рұқсаты бар азаматтар Украинаның тұрақты азаматы саналмайды" деген өзгеріс енгізген.

Украинаның сайлау туралы заңына сәйкес, соңғы он жыл бойы Украинада тұрған азаматтар ғана президенттікке кандидат бола алады.

Ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, Кличконың Германияда тұруға рұқсаты бар. "Удар" альянсы өкілдерінің айтуынша, салық кодексіне түзетулер боксшыға сайлауға қатысуға кедергі келтіру үшін енгізіліп отыр.
XS
SM
MD
LG