Accessibility links

Минск жиынында бірнеше құжатқа қол қойылды


Солдан оңға: Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путин. Минск, 24 қазан 2013 жыл.
Солдан оңға: Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путин. Минск, 24 қазан 2013 жыл.
Беларусь астанасы Минскіде өткен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің жиынында Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері бірқатар құжаттарға қол қойды деп хабарлайды Қазақстан президентінің ресми сайты.

Қол қойылған құжаттар қатарында Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім жобасын дайындау жұмыстары және интеграцияны дамытудың негізгі бағыттары туралы, Кеден Одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке Арменияның қосылуы жайлы, басқа да жекелеген салаларға қатысты келісімдер бар.

Кеңес жиынында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын "саясиланған, Ресей үкіметінің нұсқауларын орындайды" деп сынап, Қазақстан мен Беларусьтің Ресей нарығына тауар экспорттауында қиындықтар бар екенін айтты.
XS
SM
MD
LG