Accessibility links

БҰҰ: 2,5 миллион сириялық көмекке зәру


БҰҰ сарапшылары түскен қонақ үйдің сыртқы қабырғасында Сирия президенті Башар Асадтың суреті ілінген. Дамаск, 8 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

БҰҰ сарапшылары түскен қонақ үйдің сыртқы қабырғасында Сирия президенті Башар Асадтың суреті ілінген. Дамаск, 8 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық агенттігі азық-түлік пен күнделікті тұтынуға қажетті басқадай заттарды Сирияда қоршауда қалып отырған екі жарым миллион адамға жеткізе алмай отыр. Бұл адамдардың көбі сырт әлемнен оқшау қалғанына бір жылдан асқан.

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Валери Амостың айтуынша, Сирия үкіметі мен көтерілісшілер қоршаудағы елге гуманитарлық жүкті жеткізуге кедергілерді алып тастауға шақырған БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемелерін елемей отыр.

Амос Сирияда уақытша баспанада тұрып жатқан миллиондаған адамға қыстың суығында апатқа ұшырау қаупі төніп тұрғанын ескертті. Гигиеналық заттар мен вакциналардың тапшылығы Сирияда жұқпалы індет тарау қаупін де күшейтіп отырғаны айтылды. Соңғы он төрт жылда алғаш рет елде полиомиелит дерті тараған.

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сирия халқының билікте отырған Башар Асадтың және оппозицияның жақтастары болып өзара жікке бөлінуі бейбіт тұрғындардың жағдайын түзеуге кедергі болып отырғанын айтады. Сонымен бірге Амос гуманитарлық жүкті жеткізумен айналысатын БҰҰ қызметкерлеріне виза беруді созып отыр деп ресми Дамаскіні айыптады. БҰҰ-дағы Сирияның елшісі бұл айыптаумен келіспейтінін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG