Accessibility links

Джен Псаки: одақтастармен арадағы қиындықты жеңуіміз керек


АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки. Вашингтон,12 маусым 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки. Вашингтон,12 маусым 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті Германия канцлері Ангела Меркельдің және Германия мен Франциядағы өзге жоғары лауазымды тұлғалардың «телефон әңгімелері тыңдау» туралы даудан соң «одақтастармен қарым-қатынастарда қобалжу пайда болғанын» мойындады.

«Ақпараттың тарап кетуі одақтастармен қарым-қатынастарда қиындық туғызады. Маңызды проблемаларды шешуден назарды басқа жаққа бұратын ол қиындықты жеңуіміз қажет» деді жұма күні АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.

Бұл мәселелерді жақында Германия мен Францияға сапары кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри талқылаған. Алдағы аптада Германия арнайы қызметінің өкілдері Вашингтонға кеңесулер өткізуге келмекші.

Жұма күні Еуропалық одақ жетекшілері Вашингтонмен арада сенімнің жоғалуы терроризмге қарсы күреске кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ескертіп мәлімдеме жасаған еді.

Бұған дейін Ұлыбританиялық Guardian басылымы "АҚШ арнайы қызметі 35 мемлекет басшыларының телефондағы байланыстарына тыңшылық жасаған" деп хабарлаған еді. Басылым бұл жайында АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуденнен алынған 2006 жылғы құжаттарға сілтеме жасаған.
XS
SM
MD
LG