Accessibility links

Байқоңырдан кезекті "Протон-М" ұшырылды


Байқоңырдан Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышының ғарышқа ұшқан сәті. 30 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Байқоңырдан Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышының ғарышқа ұшқан сәті. 30 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

26 қазанда Астана уақытымен 00 сағат 08 минутта Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды.

Ресейдің "Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, зымыран тасығышы жер орбитасына АҚШ-тың "Сириус ФМ-6" спутниктік радиохабар тарату аппаратын жеткізеді.

Бұған дейін осы зымыран тасығышын ұшыру мерзімі 21 қазанға белгіленген еді. Бірақ АҚШ тарабының өтініші бойынша зымыранды ұшыру екі мәрте кейінге шегерілгені хабарланды.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді. Бұл апаттан кейінгі алғашқы "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ғарышқа 30 қыркүйекте ұшқан еді.
XS
SM
MD
LG