Accessibility links

Иран: Пәкістанмен шекарада 14 адам мерт болды


Шекараны күзетіп тұрған Иран сарбазы. 10 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Шекараны күзетіп тұрған Иран сарбазы. 10 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Иран мен Пәкістан шекарасында болған атыс салдарынан ирандық 14 шекарашы қаза тауып, тағы бесеуі жараланған. Оқиға сенбіге қараған түні болған деп хабарлады Иранның IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Шекарашыларға оқ атқан кімдер екенін Иран билігі анықтап жатқаны хабарланды.

Пәкістанмен шекарада Иранның шекара әскеріне қарсы есірткі тасымалдаушылар, сол сияқты содырлар тобы да қарулы шабуыл жасағаны туралы бұған дейін ақпараттар тараған еді.
XS
SM
MD
LG