Accessibility links

Алавиттер деген кім?


Дамаскідегі мешіттердің бірі

Дамаскідегі мешіттердің бірі

Алавиттер (алауит немесе нусайри деп те аталады - ред.) исмаилизм мен христиандықтың ықпалында жетілген шииттік топ. Солтүстік Ливан, Сирия мен Оңтүстік Түркияға тараған. Діни жоралғыларын барынша құпия жасайтын топ мүшелерінің саны бір милионға жуық.

Халифа Әлиді Құдайдың жердегі ең басты елшісі деп санайтын алавиттер Құран да Әлиге арнап түсірілген деп сенеді. Олар Әли, Мұхаммед пайғамбар мен Салман әл-Фарсиді киелі үштік деп қабылдайды.

Алавиттер 1980 жылдардан бастап халқының баcым көпшілігі сүннит Сирияда жоғары билікке орнығып қалды. Елдің бұрынғы президенті Хафез Асад пен оның ұлы, қазіргі президент Башар Асад осы топтың мүшелері деп сипатталады.

Мәлімет "Әлем діндерінің ықшам сөздігінен" алынған.
Оксфорд университетінің баспасы
XS
SM
MD
LG