Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстан ондаған адам өлді


Ирактағы жарылыс. 13 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ирактағы жарылыс. 13 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ирак астанасы Бағдад қаласында 27 қазанда жарты сағат ішінде жарылғыш зат толтырылған алты көлік жарылды.

Соңғы ақпараттар бойынша, адам көп жүретін, негізінен шииттер тұратын көшелерде болған жарылыстардан кем дегенде 39 адам опат болып, ондаған адам жараланған.

Иракта тек осы айда шабуылдан жүздеген адам қаза тапқан. Кейбір ақпараттарға қарағанда, 600 адам мерт болған. Бұл шабуылдар этникалық, діни араздықтан жасалған. Шииттер тұратын елді мекендердегі жарылыстарды әдетте сүнниттерден көреді.
XS
SM
MD
LG