Accessibility links

Чехия: сайлаудан соң коалициялық үкімет құрылмақ


Дауыс беруге келген азаматтар. Прага, 25 қазан 2013 жыл.

Дауыс беруге келген азаматтар. Прага, 25 қазан 2013 жыл.

Чехияда өткен парламент сайлауында ешқандай партия көпшілік орын ала алмады. Енді бұл елдің үкіметі коалиция арқылы құрылады.

27 қазанда шыққан сайлаудың ресми қорытындысы бойынша ең көп дауыс алған партия - оппозициядағы социал-демократтар. Олар сайлауға келген азаматтардың 20 пайыз дауысын алып, парламентке өтті. Коррупцияға қарсы күресуге уәде еткен жаңа ұлтшылдар партиясы дауыс саны жағынан екінші орын алды - 18 пайыз.

Социал-демократтармен одақтасуға тырысатын коммунистік партия үшінші орында - 15 пайыз. Билікте болған демократтар партиясына 7 пайыз дауыс берілген. Сайлаушылар бұл партияға бірнеше дүркін шыққан коррупциялық даулар мен қатаң экономия саясатын ұстанғаны үшін дауыс беруден тартынған.
XS
SM
MD
LG