Accessibility links

Саакашвилидің серігі сайлауда жеңілгенін мойындады


"Грузия арманы" партиясынан президенттікке үміткер Георгий Маргвелашвили (сол жақ шетте) сайлауда дауыс беріп тұр. Тбилиси, 27 қазан 2013 жыл.
"Грузия арманы" партиясынан президенттікке үміткер Георгий Маргвелашвили (сол жақ шетте) сайлауда дауыс беріп тұр. Тбилиси, 27 қазан 2013 жыл.
Грузияда 27 қазанда өткен президент сайлауының алдын-ала қорытындылары бойынша, премьер-министр Бидзина Иванишвилидің "Грузия арманы" партиясы атынан сайлауға түскен Георгий Маргвелашвили сайлаушылардың 67 пайыз дауысын жинап, алға шыққан.

Оның қарсыласы, Грузияның өкілеті аяқталып жатқан президенті Михаил Саакашвилидің "Біртұтас халықтық қозғалысы" партиясының өкілі Давид Бакредзе президент сайлауында жеңілгенін мойындады.

Давид Бакрадзе телеарнадан сөйлеген сөзінде Маргвелашвилиді жеңіске жетуімен және "Грузия халқының оған сенім білдіруімен" құттықтады.

Сайлау нәтижесінің алдын-ала қорытындысы бойынша, Бакрадзе сайлаушылардың 20 пайыз даусын алған. Ал бұрынғы парламент спикері, Грузиядағы революция кезінде маңызды рөл атқарған саясаткер Нино Бурджанадзе шамамен сегіз пайыз дауыс жинаған.
XS
SM
MD
LG