Accessibility links

Бакуде сайлау нәтижесіне қарсылық шеруі өтті


Президент сайлауының нәтижесіне қарсылық шеруі. Баку, Әзербайжан, 27 қазан 2013 жыл.

Президент сайлауының нәтижесіне қарсылық шеруі. Баку, Әзербайжан, 27 қазан 2013 жыл.

Әзербайжан астанасы Бакуде оппозицияның мыңдаған жақтасы қазан айында өткен президент сайлауының қорытындыларына наразылық танытып, жексенбіде шеру өткізді.

Шеруге жетекшілік еткендердің бірі, оппозициядан басты үміткер болып 6 пайыздан аз дауыс алған Жамиль Гасанлы дауыс беру нәтижелерін "жалған әрі заңсыз" деп атады.

Шеруге қатысушылар бұған қоса биліктен "саяси себеппен сотталды" делінген тұтқындарды босатуды, тәуелсіз ақпарат құралдарына қысымды тоқтатуды талап етті.

Баку билігі хабарлауынша, шеруге "мыңға тарта адам ғана қатысқан". Рұқсат етілген митинг бейбіт түрде өткен.

9 қазанда өткен сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, президент Ильхам Әлиев дауыс бергендердің 85 пайызының дауысын жинап, бес жыл мерзімге үшінші рет қайта сайланған еді. Сайлау қорытындысын халықаралық бақылаушылар сынаған.
XS
SM
MD
LG