Accessibility links

Тяньаньмэньдегі өрттен соң


Пекинде Тяньаньмэнь алаңы туристер үшін қайтадан ашылды. Полиция көліктерді тексеріп, қауіпсіздік шараларын күшейткен. 28 қазанда осы алаңның солтүстік бөлігінде қоршауды бұзып, «Жабық қалаға» кіретін қақпаға маңындағы Мао Цзе Дуньнің үлкен суреті ілінген жерде жүрген жұрт арасына кіріп кеткен автокөлік жарылып, сосын өртенген --> http://www.azattyq.org/media/video/25150350.html . Ресми мәліметте «жол апатына түскен» көлікте отырған үш адамның өлгені айтылды. Кейін билік орындары алған жарақат салдарынан екі турист – филиппиндік әйел мен бір Қытай азаматы – ер адамның қайтыс болғанын айтты. Кейбір баспасөз құралдары бұл оқиғадан 38 адам жараланған деп хабарлады. Полиция жергілікті қонақ үйлерге күдікті адамдар туралы сұрау салған. Қонақ үй өкілдерінің айтуынша, дүйсенбінің кешінде полициядан алған хабарламада көрсетілген Шыңжаң аймағынан шыққан бірнеше күдіктінің аты-жөндеріне қарағанда олардың ұлты ұйғыр болуы мүмкін. Қытай билік орындары Тяньаньмэньдегі оқиға мен күдіктілерге қатысты әзірге ешқандай түсініктеме бермей отыр.

XS
SM
MD
LG