Accessibility links

Қытай шахтасындағы апат


Қытайдың орталық бөлігінде - Хубэй провинциясындағы шахтада апат салдарынан жер астында қалып қойған 5 кеншіні құтқару жұмыстары сейсенбіден бері жалғасып жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, шахтаны басқан су деңгейі көтеріліп келеді. Бұған дейін Қытай билігі 2015 жылдың соңына дейін екі мыңнан аса шахтаны жауып --> http://www.azattyq.org/archive/news/20131013/330/330.html?id=25135205.html , кеніш орындарындағы қауіпсіздік талаптарын күшейтетіні туралы хабарлаған еді. Қытай шахталарында апаттар жиі болып тұрады. Ресми ақпарат бойынша, 2012 жылы елде мың жарымға жуық адам шахталарда мерт болған.

XS
SM
MD
LG