Accessibility links

БҰҰ: Сирия халқының 40 пайызы жәрдемге мұқтаж


Хомс қаласының көшесінде жарылған көлікке қарап тұрған адамдар. Сирия, 24 қараша 2013 жыл.

Хомс қаласының көшесінде жарылған көлікке қарап тұрған адамдар. Сирия, 24 қараша 2013 жыл.

5 қараша күні БҰҰ "Сирия халқының 40 пайызына жуығы гуманитарлық көмекке зәру екенін" мәлімдеді.

БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсету бойынша басшысы Валери Амос дүйсенбі күні осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесі жиынында Сириядағы гуманитарлық дағдарыс "жедел ушығып бара жатқанын" айтқан.

Сирияда қазір 9 миллион 300 мыңдай адам көмекке мұқтаж. Бұл көрсеткіш екі ай бұрын, яғни қыркүйек айында 6 миллион 800 мың адам болған еді.

Олардың жартысынан астамы - соғыс кесірінен баспанасынан айрылған адамдар. Амос БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Сирия билігімен де, оппозициясымен де келіссөздер жүргізіп, гуманитарлық көмек жеткізуге жағдай жасауды сұрады.

БҰҰ мәліметтері бойынша, азамат соғысы басталған 2011 жылдың наурызынан бастап қазіргі кезге дейін Сириядан 2 миллион 800 мыңнан астам адам босып кеткен. 100 мыңнан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG