Accessibility links

Бірнеше вице-министр сөгіс алды


Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов.
Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, 5 қараша күні Қазақстан үкіметінің отырысында бюджет қаражаты игерілмегені үшін бірнеше вице-министр сөгіс алған.

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежановқа, ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаевқа, қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаевқа сөгіс жариялады. Ал индустрия және технология вице-министрі Альберт Рау сөгісті «экономиканы индустриаландыру кезіндегі кемшіліктері» үшін алған. Аймақтық даму вице-министрі Серік Нокинге сөгіс «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағдарламасын тиімді орындамағаны үшін» берілген.

Серік Ахметов Павлодар және Жамбыл облысы әкімдеріне орынбасарларына бюджет қаражаты толық игерілмегені үшін сөгіс жариялауды тапсырды.

Кейінгі күндері мемлекеттік ақпарат құралдары үкімет жұмысын сынауға көшті. Кейбір сарапшылар мұндай материалдардың көбеюін жоғарыдан берілген бұйрыққа жориды.
XS
SM
MD
LG