Accessibility links

Лукашенко АЭС салу туралы жарлыққа қол қойды


Атом электр станциясы құрылысы маңында жүрген көліктер. Беларусь, Островец. 2013 жылдың тамызы.
Атом электр станциясы құрылысы маңында жүрген көліктер. Беларусь, Островец. 2013 жылдың тамызы.
Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысына рұқсат ететін жарлыққа қол қойды. Енді Ресейдің «Росатом» мемлекеттік атом компаниясының «Атомстройэксперт» құрылыс звеносы нысанды сала бастайды деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

Беларусьтің солтүстік-батысындағы Литва шекарасына жақын Островецте Ресейде жасалған екі реакторды орналастыру жоспарланған. Бұл реакторлар қуаты 2,4 гигаватт электр қуатын жөнелте алады. Реакторлардың алғашқысы 2017 жылы іске қосылса, екіншісі қолданысқа 2018 жылы берілмек.

Құрылыс шығындарын жабу үшін Ресей Беларуське 10 миллиард доллар көлемінде қаражатты қарызға беріп отыр.
XS
SM
MD
LG