Accessibility links

Үндістан Марсқа ғарыш аппаратын ұшырды


Үндістан зымыранының ғарышқа ұшқан сәті. Шрихарикота ғарыш айлағы, 5 қараша 2013 жыл.

Үндістан зымыранының ғарышқа ұшқан сәті. Шрихарикота ғарыш айлағы, 5 қараша 2013 жыл.

Үндістан алғаш рет Марсқа ғылыми-зерттеу мақсатымен зымыран ұшырды. Шрихарикота ғарыш айлағынан ұшырылған Mars Orbiter зымыраны қазір жер орбитасына жеткен.

Салмағы 1350 килограмм тартатын ғарыш аппараты бір айға жуық уақыттан соң Марсқа сапарын бастамақшы. Ол жердегі уақыт өлшемі бойынша 300 күннің ішінде 780 миллион километр қашықтықты ұшып өтіп, 2014 жылы қыркүйекте Марсқа жетуі тиіс.

Осы кезге дейін Марсқа АҚШ, Еуропа одағы мен бұрынғы СССР-дің ғарыш аппараттары жеткен еді.

Үндістан құны 80 миллион долллар тұратын бұл жоба осы елде жасалатын бағасы арзан ғарыш технологияларының сапасын әлемге паш етеді деп үміттенеді.

Бұған дейін АҚШ аэроғарыш агенттігі (NASA) де Марс атмосферасын зерттеу үшін биыл 18 қарашада ғарышқа арнайы кеме ұшырылатынын хабарлаған. MAVEN деп аталатын миссияның басты мақсаты – бір кездері Жер атмосферасынан да тығыз болған Марс атмосферасының қомақты бөлігі қалай жоғалғанын анықтау.

Мамандар атмосферасының өзгеруі қызыл планетаның климатына, оның бетіне қалай әсер еткенін және Марста тіршілік нышаны, ең болмағанда тірі микробтар бар-жоғын зерттемекші. MAVEN ғарыш кемесі жоспар бойынша Марсқа 2014 жылы қыркүйекте жетуі тиіс.
XS
SM
MD
LG