Accessibility links

Қытайда бірнеше жарылыс болды


Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында тұрған қытай полицейі. (Көрнекі сурет)

Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында тұрған қытай полицейі. (Көрнекі сурет)

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы Тайюань қаласында Қытай коммунистік партиясы кеңсесінің маңында бірнеше жарылыс болған.

Қытай мемлекеттік ақпарат агенттігінің (Синьхуа) хабарлауынша, жергілікті шенеуніктер жарылыс салдарынан бір адамның жараланғаны туралы айтқан. Әзірге бұдан өзге мәлімет жоқ. Жарылыстар таңертеңгілік қарбалас сәтте болған.

Синьхуа жариялаған суреттерде оқиға болған жерде полиция, жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметі көліктері тұрғаны бейнеленген.

Сарапшылар бүгінгі жарылыстар Қытайда ауық-ауық болатын шабуылдарға ұқсайтынын айтады. Қытай үкіметінің саясатына наразылардың қоғамдық көліктерге жарылғыш заттар қойып, мектептерге шабуылдаған, жергілікті шенеуніктердің өміріне қастандық жасаған оқиғалары бұған дейін болған еді.

Жуықта Қытай билігі өткен айда Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында болған көлік жарылысына «Шығыс Түркістан ислам қозғалысының» содырлары жауапты» деп мәлімдеген. 28 қазанда Тяньаньмэнь алаңында жүрген жұрт арасына кіріп кеткен автокөлік алдымен жарылып, одан кейін өртенген. Қытай алаңдағы оқиға салдарынан бес адам – автокөлікте отырған үш адам және сол маңда жүрген екі жаяу жүргіншінің қаза болғаны туралы хабарлаған.
XS
SM
MD
LG