Accessibility links

Тәжікстандағы сайлау


Тәжікстанда президент сайлауына дауыс беру 6 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 6-да басталды. Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады. Сайлауға түскен алты үміткердің арасында елді 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан қазіргі президент 61 жастағы Эмомали Рахмоннан басқалары жұртқа танымал тұлғалар емес. Бұл жолғы сайлауға Тәжікстан оппозициясы ортақ кандидат ретінде ұсынған, бірақ билік тіркемеген соң сайлауға түсуден бас тартқан --> http://www.azattyq.org/content/news/25133803.html Ойнихол Бобоназарова Азаттықтың Тәжік қызметіне берген сұхбатында дауыс беруге бармайтынын айтқан. Сонымен бірге бұған дейін президент сайлауына бойкот --> http://www.azattyq.org/content/news/25155587.html жариялаған Тәжікстан социал-демократиялық партиясының (ТСДП) жетекшісі Рахматуло Заиров та бұл сайлауда дауыс бермейтіні туралы мәлімдеген. Сарапшылар 8 миллион тұрғын халқының жартысынан астамы кедейшілік жағдайда өмір кешіп жатқан Тәжікстанда бұл жолғы сайлауда да Эмомали Рахмонның --> http://www.azattyq.org/content/tajikistan_presidential_election/25159318.html жеңіске жетіп, төртінші мерзімге айқын басымдықпен қайта сайланатынына шүбә келтірмейді.

XS
SM
MD
LG