Accessibility links

Қытайдағы жарылыстардан бір адам қаза болған


6 қараша күні таңертең Қытайдың солтүстігінде, Шаньси провинциясындағы Тайюань қаласында Қытай коммунистік партиясы кеңсесінің маңында болған бірнеше жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланған.

Қытай мемлекеттік ақпарат агенттігі (Синьхуа) оқиға куәгерлерінің жарылыс болған жерді қою түтін басып, бір шағын автобустың өртенгенін көргендері жайлы айтқандарын келтірген. Жарылыс болған жерге барған Синьхуа тілшісі айналада металл сынықтары шашылып жатқанын хабарлаған.

Осыдан бір апта бұрын, 28 қазанда Тяньаньмэнь алаңында жүрген жұрт арасына кіріп кеткен автокөлік алдымен жарылып, одан кейін өртенгені туралы ақпарат тараған. Қытай алаңдағы оқиға салдарынан бес адам – автокөлікте отырған үш адам және сол маңда жүрген екі жаяу жүргіншінің қаза болғаны туралы хабарлаған. Кейін Қытай билігі алаңда болған көлік жарылысына «Шығыс Түркістан ислам қозғалысының» содырлары жауапты» деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG