Accessibility links

Байқоңырдан «Союз» зымыран тасығышы ұшырылды


«Союз ТМА-11М» зымыран тасығышын ұшу алаңына апара жатыр. Байқоңыр, 5 қараша 2013 жыл.

«Союз ТМА-11М» зымыран тасығышын ұшу алаңына апара жатыр. Байқоңыр, 5 қараша 2013 жыл.

Астана уақытымен сағат 10:14-те Байқоңырдан Ресейдің «Союз ТМА-11М» зымыран тасығышы ғарышқа ұшты.

Ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясына жеткізетін 38-экспедицияның құрамында жапон астронавы Коичи Ваката, ресейлік Михаил Тюрин және АҚШ азаматы Ричард Мастраккио бар.

Бұл жолғы сапардың бір ерекшелігі - экипаж ғарышқа 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындары алауының шырағданын жеткізіп, қазір ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан Олег Котов пен Сергей Рязанскийдің қолына табыс етпек. 11 қарашада шырағдан қайтадан жерге жеткізіледі. Сочидегі олимпиада ойындарының ашылу шарасында алауды осы шырағданнан жағу жоспарланған.

Жапон ғарышкері Коичи Вакатаны ғарыш станциясында тамыз айынан бері Киробо атты алғашқы робот-астронавт күтіп отыр. Биіктігі - 34 сантиметр, салмағы - 1 килограмм, жапон тілінде сөйлей алатын бұл робот ғарыш сапары кезінде Вакатаға серік болмақ.
XS
SM
MD
LG