Accessibility links

RFI тілшілерінің өлімін әл-Каида мойнына алды


Малиде қаза тапқан France International (RFI) радиосы журналистері Гилен Дюпон (сол жақта) мен Клод Верлон.
Малиде қаза тапқан France International (RFI) радиосы журналистері Гилен Дюпон (сол жақта) мен Клод Верлон.
Әл-Каида террорлық ұйымының солтүстік Африкадағы тобы Малиде қаза тапқан француз журналистерінің өлімін өз мойнына алатынын айтып, журналистерді «Батыстың мұсылмандарға қарсы қылмысына жауап» ретінде өлтіргенін мәлімдеген. Бұл туралы Мавританияның араб тілінде хабар тарататын Sahara Media интернет-сайты хабарлаған

Францияның France Internationale радиосы (RFI) журналистері – 57 жастағы Гилен Дюпон мен 58 жастағы Клод Верлонның мәйіттері 2 қарашада Малиде табылған. Ол екеуін сол күні ел астанасы Бамакодан 1,5 мың шақырым қашықта, Алжирмен шекараға жақын орналасқан Кидаль қаласына жергілікті туарегтер көсемдерінің бірінен сұхбат алуға барғанда қарулы адамдар ұстап әкеткен еді.

Франция президенті Франсуа Олланд мұндай қылмыстың «жиренішті» екенін мәлімдеген.

Француз баспасөзі бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ондаған адамның ұсталғаны туралы хабарлады.
XS
SM
MD
LG