Accessibility links

Twitter акциялары 80 пайыз қымбатқа сатылды


Нью-Йорк қор биржасы ғимаратына ілінген Twitter компаниясының белгісі. 7 қараша 2013 жыл.

Нью-Йорк қор биржасы ғимаратына ілінген Twitter компаниясының белгісі. 7 қараша 2013 жыл.

Бейсенбіде Нью-Йорк қор биржасында алғаш рет саудаға шыққан Twitter компаниясы акцияларының бағасы бастапқы құнынан 81 пайызға қымбатқа сатылды. Сауда басталған кезде сұраныс артып, әрбір акция 47 доллардан өтті. Ал биржа жабылар алдында оның бағасы 44,9 долларды құрады.

Биржа саудасына дейін компания акциясының бағасы 26 доллар деп жариялаған еді.

Осылайша, алғашқы сауда нәтижесінде компанияның құны 31 миллиард долларға бағаланды. Бірақ компания 2010 жылдан бері 440 миллион доллар зиян шеккен. Сол себепті инвесторлар арасында оның болашағына күмәнмен қарайтындар да бар.

2006 жылы наурызда құрылған америкалық Twitter компаниясының шағын блогтар платформасы интернетте ең танымал әлеуметтік желілердің біріне айналған. Оның қызметін қазір әлемде 230 миллионнан аса адам пайдаланады. Бұл әлеуметтік желіні қазақстандықтар да қолданады.
XS
SM
MD
LG