Accessibility links

ЕО соты гомосексуалдардың саяси баспана құқығын белгіледі


Еуропа Одағының туы мен сот әділеттігін бейнелейтін мүсін. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағының туы мен сот әділеттігін бейнелейтін мүсін. (Көрнекі сурет)

Нидерландыдан саяси баспана сұраған үш ер адамның ісін қараған Еуропа Одағының (ЕО) соты "гомосексуал болғаны үшін қуғын-сүргінге ұшырауы – олардың ЕО аумағында саяси баспана алуына негіз болады" деген шешім шығарды.

ЕО сотының қаулысында «жыныстық таңдау – әрбір тұлға құқығының ажырағысыз бөлігі болғандықтан адамды одан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайтыны» туралы айтылған.

Нидерландыға Сьерра-Леоне, Уганда және Сенегалдан келген үш адам жыныстық ерекшеліктеріне байланысты отандарында қудалау қаупі төнгендіктен саяси баспана сұраған. Бірақ Нидерланд билігі олардың өтінішін қанағаттандырмаған.

Енді бұл үш адамның ісі қайтадан Нидерланд билігінің қарауына қайтарылады. ЕО соты қабылдаған шешімнің бүкіл ЕО аумағында күші бар, одаққа мүше барлық елдер оны орындауға міндетті.
XS
SM
MD
LG