Accessibility links

Түркиядағы күрд шеруі


Түркиядағы күрд шеруі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

7 қарашада Түркия арнайы жасақтары мыңдаған күрд шерушілерін көзден жас ағызатын газ шашып, су атқылап таратты. Күрдтер Түркияның азамат соғысы болып жатқан Сириямен арадағы шекарасына қабырға тұрғызу жоспарына наразы. Олар Сириядағы күрдтермен байланыс қиындайды деп қауіптенеді. Өткен айда Түркия Сириямен арадағы шекарасына биіктігі екі метрлік қабырға тұрғызу жоспарын мәлімдеген. Қабырға адамдардың шекарадан жасырын өтуін тоқтату мақсатында салынбақ. Күрд содырлары ман араб көтерілісшілері де шекара маңында жиі қақтығысады. Түркиядағы Күрд жұмысшылары партиясы 30 жыл бойы күрд автономиясын құруға әрекеттеніп келеді. Анкара бұл партиямен бейбітшілік сақтау туралы келісім жасасқан.

XS
SM
MD
LG