Accessibility links

Қытай жарылысқа күдіктіні ұстағанын хабарлады


Қытай полициясы Шаньси провинциясындағы жарылыстарға қатысты күдікті адамның ұсталғанын хабарлады.

Полицияның ақпаратында 41 жастағы Фэн Чжицзюнь есімді адамның «жарылысты жасағанын мойындағаны» және оның үйінен «бомба жасауға керек заттар табылғаны» айтылған. Қытай билігі күдіктінің бұған дейін ұрлық жасағаны үшін 9 жылға сотталғанын хабарлап отыр.

6 қарашада Қытайдың солтүстігінде, Шаньси провинциясындағы Тайюань қаласында Қытай коммунистік партиясы кеңсесінің маңында болған бірнеше жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланған еді.

Одан бір апта бұрын, 28 қазанда Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында жүрген жұрт арасына кіріп кеткен автокөлік алдымен жарылып, одан кейін өртенгені туралы ақпарат тараған. Қытай алаңдағы оқиға салдарынан бес адам – автокөліктегі үш адам және сол маңда жүрген екі жаяу жүргінші қаза болғанын хабарлаған. Кейін Қытай билігі алаңда болған көлік жарылысына «Шығыс Түркістан ислам қозғалысының» содырлары жауапты» деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG