Accessibility links

Венесуэла өкілі «Әлем аруы» атанды


«Әлем аруы-2013» байқауының жеңімпазы, Венесуэла өкілі Габриэла Ислер.

«Әлем аруы-2013» байқауының жеңімпазы, Венесуэла өкілі Габриэла Ислер.

Осы жылы Мәскеуде өткен «Әлем аруы-2013» конкурсының жеңімпазы Венесуэла өкілі Габриэла Ислер болды.

Қазылар 9 қараша күні «Әлем аруы» атағына Венесуэла өкілі Габриэла Ислерді лайық деп таныды. Ислер - Венесуэла телеарналарының бірінде жүргізуші.

Байқауға түрлі мемлекеттен 86 қыз қатысты. Өтіп келе жатқанына 61 жыл болған байқауды ұйымдастыру құқығын АҚШ миллиардері Дональд Трамп жеңіп алған. Ол бірінші рет Ресейде өтіп тұр.

Қазақстан өкілі Әйгерім Қожахан байқау финалына өте алмады.
XS
SM
MD
LG