Accessibility links

Ядролық келіссөздер созылатыны хабарланды


Келіссөз өткен залды жинастырып жүрген қызметкерлер. Женева, 10 қараша 2013 жыл.

Келіссөз өткен залды жинастырып жүрген қызметкерлер. Женева, 10 қараша 2013 жыл.

Үш күн бұрын Женевада басталған келіссөздер әлі нәтиже бермеді.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон баспасөз мәслихатында "әзірге нақты мәселелер бойынша қандай да бір келісімдер жасалмағанын, қайшылықтар бар екенін" айтты. Эштон келіссөздердің 20 қарашаға дейін жалғасатынын хабарлаған.

Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф Женевадағы келіссөздер туралы: "Диалогтар жемісті болды, алға жылжуға мүмкіндік бар" деген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де келіссөздерге оң баға берді. Оның айтуынша, "жақын арада бір мәмілеге келуге мүмкіндік бар".

10 қараша күні Иран президенті Хассан Роухани "Тегеран ядролық жобалар жасау құқығынан, соның ішінде уран байыту ісінен бас тартпайды" деп мәлімдеді.

Женевадағы келіссөздерге Ұлыбритании, Қытай, Франция, Ресей, АҚШ, Германия өкілдері қатысып жатыр.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді. Тегеран ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаттарға арналғанын айтады. Бұл келіссөздерге қатысты Израиль премьері Биньямин Нетаньяху "Иран билігіне қысымды әлсірететін кез келген мәмілені қабылдамайтынын" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG