Accessibility links

Эр-Риядтағы қақтығыстардан екі адам өлді


Эр-Рияд. (Көрнекі сурет)

Эр-Рияд. (Көрнекі сурет)

Сауд Арабиясының астанасында заңсыз мигранттар мен жергілікті тұрғындар қақтығысты.

Полиция мәліметіне қарағанда, 10 қараша күні шетелдік жұмысшылар қаланың кедей ауданында тәртіпсіздіктер жасаған. Биліктің ақпаратына қарағанда, мигранттар жергілікті тұрғындарға тас лақтырып, пышақпен шабуыл жасаған.

Оқиға орнында екі адам өліп, 70-ке жуық адам жараланған. Қаза тапқан адамның бірі - шетелдік. 560-тың үстінде адам тұтқындалған.

Сауд Арабиясында дүйсенбі заңсыз мигранттарды тексеру басталады.
XS
SM
MD
LG