Accessibility links

Үндістан премьері Ұлттар достастығы саммитіне бармайды


Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх. Мәскеу, 21 қазан 2013 жыл.

Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх. Мәскеу, 21 қазан 2013 жыл.

10 қарашада Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингхтің Шри-Ланкада өткелі отырған Ұлттар достастығы ұйымына мүше елдер басшыларының саммитіне бармайтыны хабарланды.

Үндістан билігі ресми шешімнің дүйсенбі күні жарияланатынын айтты.

Шри-Ланкада 15-17 қараша күндері Ұлттар достастығы ұйымының саммиті өтеді. Үндістан премьері - саммитке бойкот жариялаған екінші саясаткер. Мұның алдында Канада премьер-министрі Стивен Харпер 53 елдің басшылары қатысуы тиіс саммитке бармайтынын мәлімдеген.

Шри-Ланка үкіметін "жергілікті аз ұлт - тамилдерге қарсы әскери қылмыс жасады" деп айыптайды. Шри-Ланка бұл айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген. Үндістан Шри-Ланка үкіметін тамилдермен келіссөздер жүргізуге, оларға автономия беруге шақырады. Соңғы айларда Шри-Ланка үкіметі тамилдердің партизан жасақтарын жою мақсатында ірі әскери операция өткізген еді.

Ұлттар достастығы ұйымына Ұлыбритания және оған бұрын отар болған 52 ел кіреді.
XS
SM
MD
LG