Accessibility links

Иран вице-министріне қастандық жасалды


Иран өнеркәсіп, шахта және сауда министрінің орынбасары Сафдар Рахмат Абади.
Иран өнеркәсіп, шахта және сауда министрінің орынбасары Сафдар Рахмат Абади.
Иран мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тегеранда белгісіз адам өнеркәсіп министрінің орынбасары Сафдар Рахмат Абадиді атып кеткен. Ол басы мен кеудесіне тиген оқтан көз жұмған. Қастандық жасалған кезде вице-министр көлігін жүргізіп келе жатқан.

Құқық орындары агенттікке берген ақпаратында Рахмат Абадиге "оқ көліктің ішінен атылуы ықтимал, сондықтан көлікте онымен бірге белгісіз кісі келе жатқан болуы мүмкін" деген болжам айтқан. Көліктен оқтың екі гильзасы табылған.

Вице-министрге кім қастандық жасағаны әзірге белгісіз.

Сафдар Рахмат Абади Иранның биыл сайланған президенті Хассан Роухани үкіметінде өнеркәсіп, шахта және сауда министрі орынбасары қызметін атқарған.
XS
SM
MD
LG