Accessibility links

Въетнам мен Қытай тайфунға дайындалып жатыр


«Хайян» Қытайға беттеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00

ВИДЕО: «Хайян» тайфуны Вьетнам мен Қытайға қарай беттеді.

Въетнамның солтүстігіндегі теңіз жағалауындағы аймақтары мен Қытайдың оңтүстігінде Филиппиннен төніп келе жатқан "Хайян" тайфунына дайындалып жатыр. Екі елдің тайфун тұруы мүмкін деген аудандарынан 600 мыңға тарта адам көшірілген.

10 қарашада Филиппиннің билік өкілдері дауылдан құрбан болғандар 10 мыңнан асқанын хабарлаған еді. Елдің орталық аймағы - Лейт провинциясының өзінде ғана кемінде 10 мың адам опат болғаны туралы ақпарат тарады.

"Хайян" - тарихтағы ең күшті дауылдардың бірі. Ол 8 қарашада Филиппиннің орталық алты аралында тұрған. Желдің жылдамдығы сағатына 275 километрге, толқындардың биіктігі 5-6 метрге жеткен.
XS
SM
MD
LG