Accessibility links

Олимпиада алауы ғарыштан оралды


Космонавт Федор Юрчихин (сол жақта) жерден келген әріптесі Михаил Тюрин табыс еткен олимпиада алауы шырағданын ұстап тұр. Халықаралық ғарыш станциясы, 7 қараша 2013 жыл.

Космонавт Федор Юрчихин (сол жақта) жерден келген әріптесі Михаил Тюрин табыс еткен олимпиада алауы шырағданын ұстап тұр. Халықаралық ғарыш станциясы, 7 қараша 2013 жыл.

Сочи олимпиадасының алауын ғарышқа алып ұшқан "Союз ТМА-09М" ғарыш кемесінің экипажы Қазақстан аумағына қонды.

Ресейдің "Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, үш ғарышкер - ресейлік Федор Юрчихин, НАСА автронавты Луки Порметано мен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Карен Найберг ұшқан ғарыш кемесі бүгін таңертең Жезқазған аумағына түскен.

Сочиде келесі жылы ақпанда өтетін қысқы олимпиада алауы шырағданын ғарышқа 7 қарашада Байқоңырдан ұшырылған "Союз" кемесі халықаралық ғарыш станциясына жеткізген еді. Алауды 10 қарашада екі орыс ғарышкері ашық ғарыш кеңістігіне алып шыққан. Бірақ қауіпсіздік мақсатында алау тұтатылмады.

Олимпиада алауы 2014 жылы 7 ақпанда Ресейдің Сочи қаласына жеткенше жер бетімен 65 мың километр жүріп өтуі керек.
XS
SM
MD
LG