Accessibility links

Шекара қызметінің екі ұшағы Украинада жөнделді


ҰҚК шекара қызметінің Сайрам ауданында апатқа ұшыраған Ан-72 әскери-жүк ұшағы. Суретті ұшақ Алматыға келіп қонған сәтте 2012 жылғы 25 қараша күні журналист Григорий Беденко түсірген.

ҰҚК шекара қызметінің Сайрам ауданында апатқа ұшыраған Ан-72 әскери-жүк ұшағы. Суретті ұшақ Алматыға келіп қонған сәтте 2012 жылғы 25 қараша күні журналист Григорий Беденко түсірген.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің екі Ан-26 ұшағы Украинада жөнделіп шықты. Бұл туралы шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақтар Киев зауытында күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жарақтандырылып шыққан.

"Ұшақтардың ақауы бар агрегаттары ауыстырылды. Күрделі жөндеу оларды пайдалану мерзімін 2020 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік жасайды" делінген шекара қызметінің ақпаратында.

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің "Ан-72" әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адам түгел қаза тапқан еді. Олардың арасында шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков те болған. Апат болған ұшақ сол жылы Украинада жөндеуден өткен.
XS
SM
MD
LG