Accessibility links

«Мұхтар Зиманов» ісінің үкімі өзгермеді


Мұхтар Зиманов.

Мұхтар Зиманов.

Алматы қалалық соты кассациялық алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов "Мұхтар Зиманов ісі" бойынша сотталған азаматтардың адвокаттары мен қоғамдық қорғаушыларының кассациялық өтінішін қанағаттандырмады.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы контрабандалық қылмыстар туралы «Қорғас ісі» аясында «алаяқтық жасады» деп айыпталған төрт кәсіпкер: 62 жастағы Мұхтар Зиманов - 13 жылға, 47 жастағы Қайрат Құсманов - 11 жылға, 44 жастағы Ұлан Әубәкіров - 12 жылға, 32 жастағы Руслан Юсупов 12 жылға сотталған еді.

Биыл жазда үкімді қарағанда апелляциялық алқа Мұхтар Зимановтың әкесінің үйін тінту кезінде сейфтен табылған ақшаны отбасына қайтаруға үкім еткен. Бұл өзгеріс күшінде қалған.

Бұл азаматтар «Қорғас ісі» бойынша сотталған Талғат Қайырбаевты босату үшін пара беруге қатысқан деген айып бойынша сотталған. Сотталушылар ол айыпты мойындамайды.

Олардың адвокаттары мен қоғамдық қорғаушылары кассациялық сот шешіміне қарсы шағым бермек.
XS
SM
MD
LG