Accessibility links

Мәскеуде тәжік рэперлерінің концерті өтпей қалды


Тәжікстандық рэпер "Баха 84" - Бахтиер Касимов Азаттықтың Душанбедегі бюросында. 29 тамыз 2012 жыл.

Тәжікстандық рэпер "Баха 84" - Бахтиер Касимов Азаттықтың Душанбедегі бюросында. 29 тамыз 2012 жыл.

Мәскеуде Тәжікстанның танымал рэперлері Мастер Исмаил мен Баха 84-тің концертінде белгісіз адам ауаға газ шашып, жүздеген тыңдарман залды тастап шығуға мәжбүр болды.

"Москва Hall" концерт залының өкілі Николай Свириденконың айтуынша, 10 қарашадағы рэперлер шоуы көрермендердің бірі мен күзет қызметкерлерінің арасында болған жанжалдан туындаған "ыңғайсыз жағдайдан" соң тоқтап қалған. Бірақ ол оқиғаны тергеу жұмыстары жүріп жатқанын ғана хабарлап, газды кімнің жібергенін айтудан бас тартқан. Свириденко оқиғаның "саяси я этникалық астары жоқ" дейді.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Құқық қорғау орындары Азаттықтың Орыс қызметіне оқиғаны тексеріп жатқандарын айтты.

Тәжікстанның Ресейдегі елшісі Абдумаджид Достиев елшілік ұзамай бұл оқиға бойынша ресми мәлімдеме жасайтынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG