Accessibility links

Варшавадағы қақтығыс


Польша тәуелсіздігіне 95 жыл толған күні Варшавада өткен ұлтшылдар шеруі полициямен қақтығысқа ұласты. Бет-жүзін маскамен жасырған жүздеген жас азамат көшеде полицейлерге тас және жанғыш сұйық зат құйылған бөтелкелер лақтырды. Полиция оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтар қолданып, шерушілерден ондаған адамды ұстаған. Қақтығыс кезінде бірнеше полиция қызметкері жарақат алған. Жылда тәуелсіздік күні болған шерулер кезінде тәртіпсіздіктер бой көрсететіні себепті биыл тұрғындардың көпшілігі бұл шеруді өткізуге тиым салуды биліктен талап еткен еді. 11 қараша 2013 жыл.

XS
SM
MD
LG