Accessibility links

АҚШ Филиппинге көмек жіберді


АҚШ "Хайян" тайфунынан қатты зардап шеккен Филиппинге ұшақ тасығыш әскери кемесін жіберіп, 20 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек жасады.

АҚШ үкіметі өкілдерінің хабарлауынша, USS George Washington ұшақ тасығыш кемесі Филиппинге Гонконгтан аттанған. Бортында 5 мың матросы мен 80 ұшағы бар кемемен бірге гуманитарлық, медициналық және басқа да көмек көрсету мақсатында тағы бес кеме жолға шыққан.

8 қарашада Филиппиннің орталық алты аралында тұрған "Хайян" тайфунынан 10 мыңнан астам адам құрбан болып, мыңдаған тұрғын үй және басқа нысандар қираған еді. БҰҰ-ның есептеуінше, дауыл салдарынан 660 мыңға тарта адам басқа жаққа көшуге мәжбүр болған.

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) Филиппинге 20 миллион АҚШ долларының гуманитарлық жәрдемін беретінін хабарлады.

Филиппинде тұрған дауылдың жылдамдығы сағатына 275 километрге, толқындардың биіктігі 5-6 метрге дейін жеткен. Дауыл Қытай мен Вьетнам жағалауларына да жетіп, 600 мыңға тарта адам басқа жаққа көшірілген.
XS
SM
MD
LG