Accessibility links

Ресей Польша елшісін түсінік беруге шақыртты


Ресей сыртқы істер министрлігі Польша елшісі Войцех Зайончковскийді Варшавадағы Ресей елшілігі алдында болған тәртіпсіздіктерге байланысты түсінік алуға шақыртты.

11 қарашада Польшаның радикалды ұлтшыл партиясын қолдайтындар Тәуелсіздік күніне орай шеруге шыққан еді. Оған 50 мыңға тарта адам қатысқан. Шеру кезінде демонстранттар полициямен қақтығысып, бірнеше полицей жарақаттанған. Ондаған адам тұтқындалған.

Шеруге қатысқандар әуелде Ресей туын өртеп, Ресей елшілігінің қақпасы алдындағы полиция бекетіне от қойған. Бұдан соң олар елшілік аумағына жарылғыш оқ-дәрі лақтырған.

Варшава билігі демонстрацияны заңсыз деп таныған.

Бұған дейінгі жылдары да 11 қарашада Польшаның тәуелсіздік күні өтетін ұлтшылдардың дәстүрлі шерулері полициямен қақтығысқа ұласқан еді.

Варшавадағы тәртіпсіздіктерден кейін Мәскеу полициясы Польшаның Мәскеудегі елшілігіне күзетті күшейтті.
XS
SM
MD
LG