Accessibility links

Қазақстан биыл 20,8 миллион тонна астық жинады


Астық орып жүрген комбайн. Астана маңы, 10 қыркүйек 2013 жыл.

Астық орып жүрген комбайн. Астана маңы, 10 қыркүйек 2013 жыл.

Қазақстан биыл егіс алқаптарының 99,3 пайызын орып, 20,8 миллион тонна астық жинады. Бұл туралы бүгін Астанада үкімет отырысында ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков хабарлады.

- Облыстардың ауылшаруашылығы басқармаларынан алынған деректер бойынша, бүгінге дейін республикада егіс алқаптарының 99,3 пайызы - 15,6 миллион гектар жер орылып, 20,8 миллион тонна астық алынды. Биыл астықтың түсімі гектарына 13,3 центнерді құрады, - деді Мамытбеков.

Министрдің сөзінше, әлі орылатын 114,6 мың гектар егіс алқабы бар. Егіс алқаптарын ору жұмыстары негізінен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында аяқталмаған.

Қазақстан былтыр ауа-райы қолайсыз, жаз ыстық болуы салдарынан 13 миллион тонна ғана астық бастырды.
XS
SM
MD
LG