Accessibility links

Түрме маңындағы оқиғадан соң 26 адамға шара қолданды


КА-168/2 түзету мекемесін торуылдап жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.

КА-168/2 түзету мекемесін торуылдап жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.

Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесінің жанында полицияға қарсылық көрсеткен 26 адамға қатысты әкімшілік шара қолданылды деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ол азаматтардың 23-і 15 күнге қамалған, емізулі сәбиі бар үш әйел 50 айлық есептік көрсеткішке тең (86 мың 550 теңге) айыппұл төлеу шартымен босатылған.

– Олар Қазақстан республикасы әкімшілік кодексінің 355-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Қамауға алынғандардың бесеуі – әйел, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлзия Мақсатқызы.

Ақтөбедегі жергілікті жұрт «алтыншы» деп атайтын жалпы режимді түрмеде жазасын өтеушілердің туыстары «абақтыдағыларды сабап жатыр» деген хабар естігендерін айтып, қарашаның 8-11-і күндері түрме маңында жиналып тұрған. Соттың айтуынша, ол азаматтар қарашаның 9-ы күні түске таман полицияның қоршауын бұзып, түрме аумағына өтпек болған.
XS
SM
MD
LG