Accessibility links

"Бірлік" партиясы құрылғаны жарияланды


Астанада жаңа саяси "Бірлік" партиясының құрылғаны жарияланды. Партия жетекшісі Серік Сұлтанғали бұған дейін "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған. Серік Сұлтанғали партияда қанша адам барын айта алмады.

"Біз облыстарда конференциялар өткізіп, партияда қанша адам барын нақтылаймыз. Әзірге мүшелер саны аз. Партия қайта тіркеледі, қатарымызға жаңа адамдар қабылдаймыз. "Әділет" пен "Руханият" партияларында болған кейбір адамдар мүмкін біздің қатарымызға өтер" деді Серік Сұлтанғали журналистерге.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG